file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  866


Автор: Ғафу Қайырбеков

ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ

Қырық жыл атыңды елге асырғалы,
Ерлікті дəл жиырма жасындағы.
Білмеген біраз адам сұрап жатыр,
«Япырау, алпыста ма Қасым əлі?!»
Адамсың күнің алыс сен тозатын,
Тірліктің ұзақ мінер ақ боз атын.
Өмірде дəлелдедің кезі барын,
Кісінің өз жасынан даңқы озатын.
Өзіңнің ерлігіңді өзің жазып,
Өзгеден сұрамадың өнер азық.
Білгенге бұл қасиеттің өзі де ерлік,
Тастаған жүрген жолын терең қазып.
Осылай сирек-сирек ұл туатын,
Шығарар жарқыратып ұлттың атын.
Жақсының қаста жүрсе қадірі кем –
Ағасың бізге соны ұқтыратын.
Жазығың – сол кезде өліп қалмағаның,
Қызығың – бізбен қатар самғағаның.
Соғыстың сойқанынан алып шығып,
Ерлікті бейбіт күнмен жалғағаның.
Алпыста еңсең биік емендейсің,
Əлі де айқай шықса елеңдейсің.
Құдіреттің саған берген қуаты асыл,
Қайтып сен жерге шөгіп, төмендейсің?
Қашанда халық берген қалмақ баға, –
Пəндеге хан болса да жалбақтама.
Ел сүйер ер жігіттің бары – байлық,
Аман бол ақ тілеулі, ардақты аға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу