Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.07.2022
170
МАҢҒЫСТАУ МАҢҒАЗДАРЫ
(Ұялас өлеңдер)
Маңғыстау, содан бері үш жыл өтті,
Құс болып айлар, күндер ұшты, кетті.
Хабарсыз жолаушыдай қалдым үнсіз,
Оятпай кеудемдегі ұшқын-отты.
Жалтақтап іздедің бе мың көзіңмен,
Күн сүйген күрең қасқа күмбезіңмен,
Мың тарау шимай-шимай жолдарыңмен,
Ақ көңіл ақын жанды мінезіңмен?
Кеш мені, кемеңгерім, қарт туысым,
Осынау салқын сабыр, сақтық үшін!
Мен сенен əрі қорқып, əрі ұялдым,
Таба алмай өлең сөздің сап күмісін.
Сағынып, медет сұрап сағыныштан,
Қиялым бүгін саған алып ұшқан.
Қиырдан қиқу салған даусыңды естіп,
Көзіме көк жалының шағылысқан.
О, менің ұлан байтақ ұранды өлкем,
Атырау айдынына шығар желкен!
Тос маған шағалалы толқыныңды,
Құлаштап құшағыңа қазір жетем!
Маңғыстау, содан бері үш жыл өтті,
Құс болып айлар, күндер ұшты, кетті.
Хабарсыз жолаушыдай қалдым үнсіз,
Оятпай кеудемдегі ұшқын-отты.
Жалтақтап іздедің бе мың көзіңмен,
Күн сүйген күрең қасқа күмбезіңмен,
Мың тарау шимай-шимай жолдарыңмен,
Ақ көңіл ақын жанды мінезіңмен?
Кеш мені, кемеңгерім, қарт туысым,
Осынау салқын сабыр, сақтық үшін!
Мен сенен əрі қорқып, əрі ұялдым,
Таба алмай өлең сөздің сап күмісін.
Сағынып, медет сұрап сағыныштан,
Қиялым бүгін саған алып ұшқан.
Қиырдан қиқу салған даусыңды естіп,
Көзіме көк жалының шағылысқан.
О, менің ұлан байтақ ұранды өлкем,
Атырау айдынына шығар желкен!
Тос маған шағалалы толқыныңды,
Құлаштап құшағыңа қазір жетем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter