Өлеңдер ✍️
ҚАСЕН МЕН ЖƏМИЛА
Бұл тағдыр, жұбатып та, өкпелетіп,
Кім білсін, жатты қанша,
Кештер өтіп?!.
«Биянгу» шыңдарынан əн шырқалды,
Жүрегін Жəмила қыз, кестелетіп.
Айтуға сол аңызды тіл жетпеген,
Түсіріп ақ қағазға суретпенен –
Қасен менен Жəмила оқиғасын,
Қыл қаламмен жеткізді,
Құдіретті өрең!
Білмейтін тағдырына шағынғанды,
Маздатқан ғашық оты жанын мəңгі –
Шығыстың аспанына –
Шығарып ең,
Ғашықтар –
Қасен менен Жəмилаңды!..
Елге аңыз, ғашық ғұмыр,
Əсерлі үлгі,
Жүректен түйдектетіп əсем жырды,
Қолына құрық алып солқылдаған,
Əн шырқап атқан таңмен
Қасен жүрді!..
Оларға демеді ешкім, «зарлысыңдар»,
Мөлдіреп олар жайлы,
Қалды сырлар!
Алтайдан түн жамылып аттанғанда,
Айлы түн,
Құшақ жайды,
Қарлы шыңдар!..
Шын қиып туып-өскен кетер ме елді,
Тау мен тас, екеуіне –
Мекен болды...
«Қашқын» боп, Алтайда олар қашып жүріп,
Оранды ақ дауыл мен нөсерлерді...
Сескенбей бар қатерден батыр жігіт,
Шатқалда аң аулады, батыл жүріп.
Оларға тылсым дүние тіс жармады,
Кім білсін,
Қандай сырды жатыр бүгіп?!.
Күй кешті бастан түрлі, мұңға батып,
Өтуде қашқындықпен шыңда уақыт.
Қосылған қос жүректің белгісіндей,
Тербеді талбесікті, іңгəлатып...
Елге олар оралмады, көшіп кейін,
Ашпады оларға ешкім есіктерін.
Шыңдар мен жақпарларды қоныс етті,
Өңгеріп ат жалына Бесіктерін!..
Көздерінде соншама қажып-талған,
Сүйеніші – махаббат,
Нəзік, сазды-əн!
Ауылға жете алмайды,
Торушы көп,
Тау ұлы!
Тауда жүріп азықтанған!..
Бұл нағыз, аңыз емес, шындық еді,
Таулардың тым ызғарлы,
Түнгі желі.
Басында бақыты жоқ ақ сарайдан,
Солар ма шын бақытты,
Кім біледі!.
Оқиға сол бір ғажап даладағы,
Əлемді кино болып, аралады.
Көңілден енді өшеді-ау, деген кезде,
Тəуелсіз Елім, қайта жаңалады.
Тəуелсіз елім, қайта жаңалады,
Жұлдыздар, аспанымда
Жанады əлі!
Көрген жоң ешқашан да аласарып,
Өнердің тіккен қара шаңырағы!..
Жұбатып өмір кештің жылағанды,
Сүйедің, сүйеніш боп құлағанды.
Айтатын кейінгі ұрпақ мақтанышпен,
Артыңда мəңгі өшпес,
Мұра қалды!
Соғады сəуір желі дамылдамай,
Өмірден ерте кеткен,
Дарындар-ай!..
Ел-жұртың отырғанда
Есіне алып,
Тебіренбес, Бұқара аға,
Жаның қалай!
Халқымның өмір кешем, тілегімен,
Айтылған көп тілегі –
Жүрегіме ем!..
Жүрегі жібімейтін жандар қанша,
Шүкірлік, жылаймын да,
Күле білем.
Тағдырдың алуан түрлі құрбаны көп,
Сіз бастап,
Біздер қостап, нұрланып ек!
Жүрегің өнер десе, шуақ шашып,
Жаныңның жапырағы тұр ма бүрлеп.
Өмірде жандар қанша, жамылған зар,
Өнер дейтін қол жетпес, нағыз заңғар!
Жаның жапырақ жайғаны сол емес пе,
Қазаққа ортақ, «Қасен – Жəмилаң» бар!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter