Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.06.2022
145
Жарқырайды астымда көл, үсте аспан...
Жарқырайды астымда көл,
үсте аспан,
Көл мен аспан көк жиекте ұштасқан.
Жас қамыстың арасына тығылып,
Көкшіл булар кетті мызғып ұшпастан.
Көкте бір жол жатыр таудан әрі асып,
Көлде бір жол жатыр аймен жарасып.
Екі жолдың ортасында тұрмын мен,
Екеуіне алма-кезек қарасып.
Екеуі де тозар емес,
жүргіншің
Құстай ұшып күндіз жүрсін,
түн жүрсін.
...Бұл жолдардың қай жерлерден басталып,
Қай жерлерден бітетінін кім білсін?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter