Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
22.06.2022
134
Кей күні көңілім жабығып...
Кей күні көңілім жабығып,
Басса бір тұман еңсені.
Тордағы құстай сабылып,
Іздеймін, анам, мен сені.
Алысып ауру түнімен,
Жатса да көзім ілінбей.
Мен сені жердің түбінен,
Шақырам жалғыз пірімдей.
Көресің бе әлде түсіңде,
Сезесің бе, әлде, апашым,
Қап-қара түннің ішінде
Сен ұшып келе жатасың.
Табынар жалғыз тәңірімнің
Сезем де қазір жетерін,
Білмеймін тіпті
қайғың мен
Қорқыныш деген не екенін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter