Өлеңдер ✍️

  22.06.2022
  177


Автор: Сағи Жиенбаев

Көк көйлегің көкшіл бумен тербеліп...

Көк көйлегің көкшіл бумен тербеліп,
Келе жаттың өз буыңмен сен де еріп...
Белгісіз бір жақты сілтеп кенеттен
Кеттік десең,
Ұшардаймын мен де еріп.
Мені ұстасаң мәңгі өзіңе серіктей,
Мен қалайша тұра аламын елікпей...
Жанарыңмен өзің бірақ, аттың да,
Жанарымнан ыршып түстің еліктей...
Сүңгідің сен сол күйіңде жалт беріп,
Дарияның толқындарын қақ бөліп.
Кетті балқып қызуыңа шыдамай,
Ақ денеңді аймалаған ақ көбік...
Қанша қудым,
қолым саған жетпеді,
Қол жетпейтін құс па едің сен көктегі?!
Әлде әншейін арбаған бір түс пе едің,
Өмір бойы қуып жүрсін деп мені?!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу