file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  132


Автор: Серік Жетпісқалиев

ТӘУБА

Мұңлық ем,
Мұңым жалмаған,
Зарлық ем,
Заржақ зарлаған.
Таңдайым кеуіп жатса да,
Қырсығып бір нәр алмаған.
Жұтынып
Нәпсім тоймаған,
Лауазым, тақты ойлағам.
Еріккен елітіп, сәттерде,
Ажалды түртіп ойнағам.
Жерім қалмаған кезбеген,
Сезім қалмаған сезбеген.
Кездескем ер мен езбенен,
Көрмегенім жоқ көзбенен.
Сөйтіп те жүріп от басқам,
Сөйтіп те жүріп тот басқам.
Аңғармай алды-артымды,
Ұлыммен жалғыз қоштасқам.
Өткенім – атқан оқ маған,
Не қайыр зардан жоқтаған.
Қалғанның сұрап аманын,
Есімді жиып, тоқтағам.
Өзімен өзі күндес пе,
Сүрінбей есі кірмес пе?
Бауыры бүтін әр адам,
Бақытты екенін білмес пе?
Не дейін, саған, ағайын,
Иманға тұнсын маңайың.
Көлеңке тұсың қайда еді,
Көніліңе шырақ жағайын.
Ешкімде саған өш емес,
Қызылды-жасыл көш – елес.
Тірліктің мәні иманда,
Тәубаға келу кеш емес.
Тәуба дей алмай қор болғам,
Жүгінбей хаққа сор болғам.
Өрекпіп жиған-тергенім,
Өзіме қазған ор болған!
Тасығам, солай, тасығам,
Тасып та жүріп жасығам.
Қазір ме, қазір…
“Тәуба” деп,
Жайнамазыма асығам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу