Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  118


Автор: Сұраған Рахметұлы

Қыс көзі қырау, жел есті

Қыс көзі қырау, жел есті
Қиын қиыннан.
Албасты үрікті, ырыстар ықты
Тыйымнан.
Ұясын бұзды-ау ұшынған
ойлар ақыры,
Қи сасып тұрған қып-қызыл
шикі Миыңнан.
Шолақ тай міндің шоқиып
оның іш қанын...
Көрелік сосын заманның
Іспар Тышқанын.
Жетісіп жүрмін дейсің бе,
Сорлы, жетісіп?
Тырнақтың кірін жедің де
қайта құспадың.
Меңсіз де меңсіз, даласыз
туған меңіреу
Кəсібің сенің ірің жеп һəм еңіреу.
Өз басын өртеп құл болған
Күнсіз күстана,
Көзіңді түртті-ау сөзімен жерік
Не біреу...
Жалғанда мынау масылдар асыл, ақын ақ.
Ермек қып кеттің есектің
артын бақылап,
Қаймана саған қатқылдау
жүзін бұрып тұр.
Айнаға қара ақымақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу