Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  120


Автор: Сұраған Рахметұлы

Сарыалақаздың мамығы – сары ғұмыр

Сарыалақаздың мамығы– сары ғұмыр,
Шашылған жұлдыздары
Жарық іңір.
Зер жағалы меңіреу дария масаң,
Ағып жатқан жалғандай:
Кәнігі бір.
Көктем берген келбетін жіберіп ап,
Күйікжелік күй шеккен
Күдері бақ.
Мынау жатқан жас бұтақ, жас қиылған:
Кешегі өскен теректің бүрі еді.
Қап!
Қасиеттер қалт қайтып, жұлынды ұғым,
Кісінейді уақыт – құлынды күн.
Көл жүзіне тамшы жас
Тамды тағы,
«Көк тәңірінің сақалы жұлым-жұлым».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу