Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.06.2022
121
Қыста айтқан қылжақтарым...
Қыста айтқан қылжақтарым,
Жазда жеткен
Қалжыңым.
Қалай-қалай бұл жақтағы үн
«Ісегінде» алжыды?
Қардың соңғы үйіндісі
Жер жүзінен сең іздеп.
Тамшылардың
Қиындысы
Жатқанда өзін «теңіз» деп.
Күз бен Гүлдің арасында
Қыстырылған назды үндер.
Осылайша жарасымды,
Орғып өткен аз күндер.
Бұл сәттерді аңыз дер ем,
Сыбырға бай,
Сырға бай.
Мен байқаған сал іздердің
Соған жұқпай тұрғаны-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter