Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  128


Автор: Сұраған Рахметұлы

Өңіме сыз боп сіңді мол армандар...

Өңіме сыз боп сіңді мол армандар,
Дейтіндей: «Көзден безген сораңды аңғар!»
Көңілдің көміріне нәр себеді,
Алдына жауын салып оралған қар.
Ұқ соны, ұқ ақынды, ұқ, беренім,
Сол қардың ұшқынындай «ұмыт» дер едім.
Түндегі түндігімнен төнген ай жоқ,
Таң атса-ақ кірпігіммен шық теремін.
Шың-арман, қиял шеті бусау, Сағым.
Шырадай өлең таппас мұң сауса кім?
Ерініме ең соңғы атау сирек тиіп,
Шөптегі нәрді ішеді қу саусағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу