Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.06.2022
114
Қараөткелдің аузында қалған ұмыт...
Қараөткелдің аузында қалған ұмыт,
Қайран күлкім, мен сені іздеп келем.
Жапырақ жыр, қаз даусы,
Тізбекті өлең,
Қалқып ұшып сөнеді сынық талдан.
Қыс, хабар, Мұң
Өмірдегі өлшемі ұстам-ардың.
Қараөткелдің маңында ұмыт қалған,
Қайталанбас үнімді құстан алдым.
Осы маңда тамаша бір ғұрып бар,
Рахмет!
Аяулы бұлдырықтар,
Босанады боз жусан, шыңғырып тал...
Рахмет, аяулы күллі жұптар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter