Өлеңдер ✍️
Нәрестенің күлкісіндей күміс-сыңғыр
Нәрестенің күлкісіндей күміс-сыңғыр
Ән тұнып,
Тынысында даланың қалқиды қаз қаңқылы.
Жаздан қалған гүлімнің шырағындай
Жайдары,
Жасартады жаһанды жаңа сәуір,
Жалқы үміт.
Көл бетінде шағала:
Ақ сиреннің бүршігі –
Ең ақырғы тамшылар құс үнінен ыршыды.
Келер маусым айшығын жанға сызып
Ақырын,
Көксеркені шырмаған шұғаның ақ кіршігі.
Көктің жүзі құба жыр, дала қойны құба Түк.
Сөнер сәтін күтеді
Тастан кұлап тұма тік.
Тағы да бір ортаның дара сөзін қайталап,
Көктем қайтты қаздарын еңіретіп жылатып.
Көк мұнармен көмеді,
Көкшоқыны көктегі Ай.
Көкше талдың бүріне түнеп қайтқан
Көктем-ай,
Либайдың жырындай бұрқанып ед бұла таң,
Сұлубайдың мұңындай
Жүрегіме шөкті арай.
Аспандағы желбегей
Желеңдеген жұпты ұғып.
Жүрегіңді қолға ұста, жаныңа сеп мықтылық.
Таңғы шағың жолыңның ақтығына ұқсаған,
Әр құрақты құшақтап жұлдыздар тұр
Тұп-тұнық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter