Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  120


Автор: Сұраған Рахметұлы

Бүгінімді жақсы көрем Ертеңіме қарамай.

Бүгінімді жақсы көрем Ертеңіме қарамай.
Солай деген – дара рәбай.
Дана Абай.
Ертең деген – ертегіні жаттағаннан
жалықтық,
Ертегінің сарындары ызыңы жоқ арадай.
Бүгін деген:
Елесімнен ен сап берген еншім-ді.
Сол еншіден дәметеміз кәде тегін –
Ке-лі-сім-ді.
Айтқан сөзің жаңғырық па, оу, бала...
Бал үміттен айналайын жел-сіңді.
Ертең десем:
Еске оралар есесі жоқ күпірлік,
Иығымнан басады ойлар бағытымды
бүкір ғып.
Күнделіктің бетіндегі андыз-андыз
Сұлбадай,
Жасыл шөппен қайтқан Жылға шүкірлік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу