Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  144


Автор: Сұраған Рахметұлы

Қыбырлап жүріп қыңыр қаңғып ек...

Қыбырлап жүріп қыңыр қаңғып ек,
Қынында қиналды қызыл қан жүдеп.
Жұлынның жұқарып– жұтаң темір өзегі,
Жұдырық секілді бекем жұмылған жүрек.
Жұмылған жүрек, жұмылған жел, керген ісік,
Өз оғымен пида болғандай мергендер ұшып


– Қай елден кем едік бағзыда еге?
Әйелдер көкпар тартады... Неге?
Ерлер көрісіп.
Аспаннан қарайды арайлы,
Кірпіксіз күнім.
Аузында тұрмыз әйтеуір жыртық сүзгінің.
Рух-пырақтар ғана ойнайды серекке
Шапшып,
Сілкіп тізгінін.
Қадірлі биіктің қатаң қас-қабағын ұқ
Дегендей:
Мөп-мөлдір арлар қашады тастан
Ағылып.
Жер жастанғырлар жерұйық,
Таңдайды-ау жарық
Аспан астында асқазаны ұлып.
Өмір өте бере ме өстіп сүле кейіндей,
(Өңірден төменгі өзімді күл етейін бе, ей?..)
Бір кермек аунап өзекте жанады өрт боп, әрине,
Өрен жүйріктің өрен сілекейіндей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу