Өлеңдер ✍️
ҒҰМЫР ФОРМУЛАСЫ
Суалған гүл...
Қуарған қыр...
Кері баққан дүние.
Арктика-құдай жебесі –
Жерді жатқан
Күйіне!
Ала толқындар алмасқан сәтте
Мұздақтар үйіліп –
Құрлықтар маңдайына,
Тер қатқан һәм
Таулар отпен толғатқан
Жиірек!
Локония ағымы –
Үш бұрыш кеңістік,
Он екі тарау
Кең қақпа.
Безгің келеді безбен-тірліктен
Бейуақта...– ?..
– Бесігі бабамның –
«Жұлдыз аралдағы» алау,
Бейазауат мекенінде.
Мейлі ол Торонтода
Немесе ең ұзақта...
Метагалактика сырын
Білген кім?
–Әпсана жолы,
Альфа перісі
– жүрген мың.
Бір санның артында 76 нөл
Шамамен... – Ал сәуле кемесі іргеңде...
Жұлдызаралық қашықтық
Қас қағым уақыт өлшемнен ғана
Тұрады.
Әзірше ашылмаған сыр
Бірақ Ол,
Адам жанына аспаннан
Жауған лағыл...
Әлде бір жасырын күштің
Лаңы...
Ойлап қараңыз:
Майя дәуірінен әлемде қалған
Мұраны!
Кімнің көріпкелі дәлелдер екен,
Шырағым?!
Алғашқы тірлік иесі–
Адам тәріздес жанды мақұлықтар
Тұрағын.
Рим, Гректер
– сол мақұлықтардың соңғы
әулетінен...
...Ойшылдар балшықтан жасалған
Пирамида, атом тетіктері,
Тек сана сезімнен,
Шеген боп қасаңданған Мәрмәр
– құдай мүсіні
Қайтадан қашалмаған.
...Ғажайып елес!
Адам Маймылдан емес,
Маймыл құрып бара жатқан
Үйелмен...
Табиғи құпия–
(Мальтус теориясындай!)
Ана, Жер
-ана мүмкін,
Ұрық таратқан басқа ғарышқа–
Сүйенген...
Иә, осындай
Тріліктің қысқа бір сәті,
Адам санаты, жер жүзін шайқайды.
Тұрса тік,
Мысыр...
Самарқан...
Бағдат ғимараты, рухы жаңғырып,
Мәңгілік сені табады
Тұмса түн.
(Топырақ бір шөкім...)
Сана тартылыс таразысы–
Рух соғысы– дұрысы...
Өлім– сезіну бұрышы.
Өмір– үшбұрыш құбылыс!
Бақылап тұратын бір күш бар
Тіршілік тынысын...
...Құпия бір күш бар,
Құдірет!
Табиғи теңдікті тұр ма ұстап?..
Құлайды жапырақ, зымыстан
Қаһары!
Ал құдайдың құлдары
Адольф Гитлер,
Атақты Шыңғыс хан...
Ақыл қонады
Сократ, Брунилерге
Жаңадан.
Жатыр «қонағы»
Жасалар, сірә,
Санадан...
Антропологтар
Анти-Кесіртке /тәнін/
Сараптап, аптап
Далада!
Тірлік шамшырағы Жанып,
Қоршаған ортаң мәңгі
Жынданып,
«Ақын» болады бар Адам...
Энтропия бәле!
Қызықты дәріс үйрену
Электро-әлем!
Шексіз кеңістік «бүйрегі»,
Дирак теңізі,
Миллиард жұлдыздар...
Шешілер жұмбақ Кешікпей.
(Кешір! Әзірше санамыз
әлі «бесікте!»)
Мәселе мәні
Материяны ғана Игеру;
Табиғат сыры
Балиғат сыры бүкпе
Тым.
Тауыса алмайсың
Пәни тарихы түп-тегін.
Дарвин жемісі
Дәмдірек!!!
Әлбетте, Логика оған Қажетсіз?
Атом бөлігі іспетті,
Адам да бір кез
Нүкте-тін...
...Көне үндістер
Этимологиялық тілі Алғаш:
Құпия дәуірдің күшімен Құралған.
Құрбақа үнінде бір Гәп бар.
Құрлыққа тіл қатқан!
Ғибадат қазығы,
Тірі аңдар!
Бойынан сыр аңғар,
Бәрі үндес...
Бозторғай шырылы
Мың алуан...
Онсыз
Бұлбұлдар «Семантикасы»
Сыңаржақ...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter