Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.06.2022
94
ДОҒА
Күнге қарап
Күлімдей біл, көңіл күйін шерт те бір,
Денем ысып
Дірілдейді, үйреншікті дерт тегі.
Заростра мәстектері
Ыстық шыққан
иығына!
парсылардың терлігімен
Ерттеліп.
«Пехлеви мәні терең
Құрық жетпес «Қараңғы»
Сыздатады...
Мұздатады
Тілге шыққан жарамды.
– Тексіздермен Шексең сапар...
Тебіндірген «шабан мін».
Тесірейген ақкөз ғұмыр,
Саған неге,
Шағам мұң?!
Сертке– нарау
Анттан– ада
Терісі жоқ
Санамның!
Қолдыраған қоң етіме
Салам құм!
Мұқтаж емен Мұрасына Мұжықтың...
Маззинизм ауласында Таныс маған
Сызық-мың.
«Көкайылдың кекесіні»...
Көзінде екен.
/Қызық бұл/
Көрші ауылдың текешігі
Есігімді сүзіп тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter