Өлеңдер ✍️
ТҰМАННЫҢ МҮЙІСІНДЕГІ ӘН
Көңіме арбалам, қырдағы
өңімді сағынам.
Саулаған бұлдырық ұшады
Тырнаның ізіне шырмалып.
Әлсіз ғасырлар былдырлап
тіл қатқан
Жерошақ табынан, кәрілер ізінен.
Құздардан жұққандай тәкаппар жүзінен
Жолдардай мың қатпар
Ішіне сақтаулы ғұмырлық сипаты
Тірлігі баяғы, көңілі құндақты.
Жаныңды ұйытатын
Ғажайып жұмбақтар.
Мәңгілік асқақ тұр
Шағындау шағылдар.
Бергісі Эверест, арғысы
– Жер жүзі;
Айналған меңге өшкін лағылдар
Теңдессіз құбылыстар.
Кері қызыл жанартау– жарақат,
Аялы қарақат,
Баяғы құмырсқа...
Көзімнің жасында мөрдей ой,
Белгім де.
Торғайлар ойбайлап қасымда,
«Қош-аман келдің?»– деп.
Бусанған далада
Ашқарақ қисын бей,
Жусанның жиегі.
Сауыры терліктің иісіндей,
Саумалды– Күнгейім киелі.
Түсіме жүруші ед жиі еніп.
Тұрмыз біз тұманның мүйісінде
Жартасқа маңдаймен сүйеніп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter