Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.06.2022
122
АҢЫРТАС
О, Аңыртасым!
Мына ғалам таңдансын, таңырқасын.
Көк ала Орхон көйлегін
Көгелдетіп,
Көкжиектен көтерсін таң
Лыпасын.
Беу! Аңыртас-бауыртасым,
Жүрегімді жылатып,
Ауыртасың.
Барығыңда баһадүр батпан
Сылап,
Сауырыңа жазыпты дәу
Ырқасын.
Алачу хат, нән бекет
Жаралы Алаш,
Жозатаққа тамған сүт, қан аралас.
Бақатақтың үстінде бірлік
Жатыр.
Төбесі көк...
Төрі нұр...
Араны ағаш...
Жолы бәдіз...
Жозы үн,
Көрі мірлі Үй...
Бөрі қаған тіл қатқан
Бөрі-қырғи,
Алты Есір, Он оқты, Отыз оғыз...
Қобыз үні аңқыған қорымың күй.
Жарқан...
Тарқан...
Тутұғыр...
Құмдағы ұғым.
Ми ішінде сілкінді мылжа ғылым...
Кәрі Орхон тулап кеп
Бетін ашты
Күлтегіннің ең соңғы жұмбағының...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter