Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.06.2022
113
Жалғыз өлең оқыдым
Жалғыз өлең оқыдым
Тістеніп ап.
Жүре алмадым Шын ойды
Ішке нығап.
Көбесінен шіріп тұр көкше тұяқ,
Төбесінен іріп тұр
Пістелі бақ.
Май сорғалап қазақтың
Мақалынан.
Шоқта аунап піседі қапалы
Мән.
Ақбұйра өлең киеді бір
Түземдік,
Абылайдың күмістей сақалынан.
Өлең қайтты...
Өңшең түс... қасыңда еріп,
Өз жаның жоқ кеудеңде,
Басыңда ерік.
Бұйрығына Алланың бас ұрасың.
Құйрығына тарпаңның
Шашыңды өріп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter