Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
123
Ала қыстан арқасы тозып өткен
Ала қыстан арқасы тозып өткен
Борша-борша жылап тұр
Көзі көк Тоң.
Ең жылы шың еңкілдеп
Елжірейді
Елтірісі бұп-бұйра қозы-көктем.
Бүршігімен ән салып мың шіліктер,
Көк пен жерді қосады
Жыршы «іліктер».
Мінер жағын күн қағып
Жүр күліктер...
Жүрек жақтан ағады
Бір Сынық тер.
Қазір аман, бостанмын
Қауіпті ойдан.
Шешіледі естен кек,
Сауыт бойдан.
Сан жүз жұлдыз сөніп кеп,
Сәл тыныққан
Ақ кітап қой, мына қар
Жауып қойған.
Көбең белдің жонына
Шыққан ыстық.
Сол қыраттың шоқтығын ықтап
Ұштық.
«Көктем келді!» дедік те
Көкірекпен...
Көк шалғынға жабысқан
Шықтан іштік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter