Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
109
ҚАЙТА ТУУ
Ақиқат. Тұзым, дәмім,
Аспанда тудым ба деп
ызыңдадым.
Ыстық жырлар көз ілді,
бұзылды ағым;
Ай бетінің көрдік біз сызылғанын.
Сызылғанын байқадым сүйелденіп.
Бұлқынады жүрегім–қызыл қаным.
Қысқанда қабырғадан кием келіп.
Көктегі сан жұлдызды
иемденіп;
Мылқау түн, бейжай ағым,
тоқырады үн.
Күз жанды күйдіріп көк
топырағын.
Ақиқат, бұзылғаным,
Кеуде ішінде тыпырлап
отырамын.
Жанға жинап жаһанның
сынықтарын,
Керіледі кешегі кіріптарым.
Өрт кемірген бұтағым
бұтар-бұтар
Сұлап жатыр әр жерде
сынықтарым.
Басы күйген кенже гүл
мұңаяды
Бірдемені түсініп,
шын аядым.
Сары ауаны тіреп тұр
бір аяғым,
Қаңғып түскен қабықтан
қайта көктеп,
Өз қабымнан шығамын
шайқап, ептеп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter