Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
109
МЕН ЖАЙЛЫ
Мені біреу жаман дейді. Кім білген?
Сырт көздерге момақан боп жүрмін мен.
Жиырманың төртеуіне келгенше,
Ештеңені емеспін ғой бүлдірген.
Мені біреу жаман дейді, сыртымнан,
Торғайдай-ақ, танысаңыз, түр-тұлғам.
Жамандыққа туылғаннан жаным қас,
Жан емеспін жауыздыққа ұмтылған.
Мені біреу жаман дейді, десін де,
Ес білгелі ештеңе жоқ есімде.
Жамандыққа ілеспедім, білгенім,
Еріп келем жақсылықтың көшінде.
Мені біреу жаман дейді, шын шығар,
Ниетім жоқ қарсылыққа құлшынар.
Ақыл – басшы, сезім – серік мендегі,
Сезімімді дәлелдейтін күн туар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter