Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  111


Автор: Серікбол Хасан

БАСҚАША БОЛАДЫ...

Жаралы жас жаның суыққа тоңады,
Өмірдің ыстығын сезінген жоқ әлі.
Жылама, қылықтым, сен мұны ұмыттың –
Өмірде бәрі әлі басқаша болады...
Жаныңды таптасаң, пәк ғұмыр солады,
Арыңды сақтасаң, бақытың қонады.
Жылама, қылықтым, өтеді күліп күн,
Өмірде бәрі әлі басқаша болады...
Сендегі пәк сезім бәрінен жоғары,
Шайқалта алмайды тағдырдың бораны.
Жылама, қылықтым, соңын тос үміттің,
Өмірде бәрі әлі басқаша болады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу