Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  116


Автор: Серікбол Хасан

КӨКТЕМІМ

Бір жүрген күндер кешегі...
Оралмас, сірә, бақыт.
Бұл сезім мөлдір деседі,
Біреулер жылап жатып.
Ай жүзің ұйқымды ұрлаған,
Тұрағаны-ай нұрын шашып.
Берсе Ием сол күнді маған,
Айтар ем сырымды ашып.
Қайырмасы:
Күлімдеп сен жүрсің көктемім,
Қажытты қара түн...
Қылықтым, қауқарым жоқ менің,
Қақпаңды қағатын.
Жаныңды жылатсам кеш, күнім,
Жүруші ең ағалап.
Таппаған сезімім еш тыным,
Өзіңе аманат.
Өшпейді көңілімнен күліп тұрған,
Қаяусыз ақ дидарың.
Өмірде білмеппін, қылықтым-ау,
Осындай шат күй барын.
Айырылмас аққуым өзің едім,
Айдында жұп құраған.
Кеудемде маздаған сезім кенін,
Мен қалай ұқтыра алам?!
Қайырмасы:
Күтумен сен жүрсің көктемім,
Санаулы сағатың...
Кешірші, амалым жоқ менің
Сені іздеп баратын
Кіршіксіз көңілдің, шаттығым,
Аспанын мұң басқан.
Ұмтылмас ешқашан тәтті күн,
Екеуміз сырласқан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу