file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  136


Автор: Кәкімбек Салықов

ТЫНЫШТЫҚ

Сал тыныштық тұрағы далам менің,
Күн нұрымен құшады заман лебін.
Таң сәулесі ақ шуақ саф ауамен,
Жусан исін құмартып алар демін.
Өзім-дағы гүлқанат самал желден,
Кәусар жұтам жерұйық қоңыр белден.
Көк шалғынға көңілжай жата кетсем,
Бейжай өмір рақаты хабар берген.
Тыңаясың, сондайда ес кіреді,
Онсыз дерттің табылмас ешбір емі.
Жаным құштар табиғат дыбыстары
Еш мүлтіксіз, тап-таза естіледі.
Желпіндірер сандуғаш сайрағаны,
Желі, көген жеңгелер байлағаны.
Заводтардың қосылып жез сыңғыры,
Оркестр боп жалғасар аймақ әні.
Риза көңіл ұлғайтып тынысыңды,
Шығармайсың, мәз қалпың, дыбысыңды.
Ыршып түсер бірақ та болар бір сәт
Есіңе алсаң бітпеген мың ісіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу