Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  149


Автор: Кәкімбек Салықов

АСТАНАДА ЕХРО-17 КӨРМЕСІ

Жеңіп алған ЕХРО-17 көрмесін,
Астана, даңқың ғарыштарға өрлесін.
Айғақ етсек әлемге әйгі салтымен,
Елге қонар бақыт құсы төрлесін!
Болып едік егемен ел тап кеше,
Жасқанбаймыз тағдыр алға тарт десе.
Мөлтілдетіп алып келсін мол ырыс,
Ақ қымызға лық толғандай ақ кесе.
Бұл көрменің шексіз биік беделі,
Телегей-теңіз ала білсек берері.
Орда жасап, орын теуіп қалады
Әлемде бар жетістіктер ерені.
Атақ үшін келді деме құр аты,
Ғаламшарлық бұл көрменің мұраты.
Көп шығынсыз электр қорын молайтар
Жел, Күн, судың пайдаға асқан қуаты.
Әр мемлекет бар көрсетер сенері,
Сенерінің жетелейді жеңері.
Көрме өткен соң
Бәрі асыл мұра боп
Туған елдің қазынасына енеді.
Жеңіп алсақ көрме жасау жарысын,
Оны өткеру қыздырды ел намысын.
Президенттің өзі бастап бұлтартпас
Ерен істің еркін аяқ алысын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу