file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  397


Автор: Кәкімбек Салықов

ҰЛЫТАУҒА ТАҒЗЫМ

Кім білсін, шіркін, кім сезді,
Жүйткісе жүйрік қаламым,
Ұлытау деген бір сөзді
Аялап рахат табамын.
Бауырында өткен сан жылдар,
Бөтенсің маған демейді.
Қасиеті құтты көп шыңдар
Жүрсем де қайда жебейді.
Ұл-қызым өсті осында,
Ұлытау атын жаттады.
Кез болған сансыз досым да
Сағынып төрін сақтады.
Киіктер қырда бар сыйлас,
Жарқ етсе жырым маздады.
Досым боп кетті жан қимас
Қоскөлдің аққу-қаздары.
Құдіретті дала төрісің,
Дәстүрі тозбас ескінің.
Жинасып талай егісін,
Шалдардан алғыс естідім.
Қаныштың, жас пен кәрі де
Ардақтап, атын еске алар.
Жоталы жонның бәрі де
Сағынып, жолға көз салар.
Өмірге берік сеп көрем,
«Жезкиік» жайса атымды.
Ақтасам, шіркін... деп келем,
Ұлытау, мархабатыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу