file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  189


Автор: Кәкімбек Салықов

ӘБІШТІҢ АНАСЫНЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

Көріп ем талай жүйрік, жорғаны да,
Көш құрды абзал достар орманы да.
Солардың шар басында
Қуанамын
Әбіштей заңғар қазақ болғанына.
Байтақ ел құрметтесе данасындай,
Әбіш жүр ортамызда дарасынбай.
Сүйеді ол ұлтын, жұртын, адамзатты,
Тоқсаннан асып өткен анасындай.
Базары болса күту қарашығын,
Назары жұмақ еді-ау анасының.
Жалғызын дәл өзіндей сақтасын деп,
Кларадай баптап кетті жанашырын.
Екеуін ойлап ана көп сақтанды,
Сезетін сыр білдірмей көзі атқанды.
Қоштасар сын сағатта...
Қимай қарап:
«Әбішті ренжітпеңдер», – деп аттанды.
Ай маңдай асыл жанның нұры жанды,
Әлемге жетті өшпестей сыры мәңгі.
Тек қана...
Әттең,
Шіркін, оқыс келіп,
Сұм ажал Әулет атты ұлын алды.
Барады заман жылжып ілгеріге,
«Уһ» десек, осы естің кіргені де.
Айтылды мың-мың алғыс бар қазақтың
Қайғысын қаққа бөле білгеніне.
Бір Алла,
Жарлығыңа еттік төзім,
Пендеге қамқоршысың жалғыз өзің.
Сұраймын ұмытпа деп қарт ананың
«Әбішті ренжітпе» деген сөзін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу