file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  248


Автор: Кәкімбек Салықов

РЕЙХСТАГТЫ АЛЫПТЫ РАҚЫМЖАНДАР

Рақымжан десе, нағыз рақымшыл жан,
Бауырмал, жат-жаранды жақынсынған.
Ақ жарқын, әзілге бай ақынжанды,
Кезі жоқ кеуде қағып батырсынған.
Сырымды көкейіңе түйші, жігіт,
Рақаңды сүйсең, мендей сүйші біліп.
Мығымдар мырза мінез келеді екен,
Ол – дархан, көкірегі күйші жігіт.
Ел берсе ер ұлына мың қасиет,
Қастерлеп сақтай білу – ол да өсиет.
Сол қасиет жеткізді жеңістерге,
Қазақ бойын көрсетер сында сүйеп.
Жайпаған жанған отты шын арыстан,
Сені көрсем жарылам қуаныштан.
Рейхстагқа ту тіккен аңыз адам,
Кезім де жоқ басқаша сыр алысқан.
Кездессем таусылмас сыр үйем сеніп,
Еркелеп, сағыныштан сүйем келіп.
Соғыстан оралмаған өз ағамдай,
Жүремін мақтан етіп иемденіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Қошқарбаев
Қошқарбаев 13.10.2024 12:43
Қошқарбаев

Пікір жазу