file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  193


Автор: Кәкімбек Салықов

АРЫСТАРДЫҢ РУХЫ БЕРІК ҰСТАП ТҰР

Кешкен қасірет өшпей бірге өтеді,
Көрген қызық ұмыт болып кетеді.
Жан жарасы іште жабық жатады,
Дауа бермей қуаныштар жетегі.
Қайғылы адам ойшыл келер жүрегі,
Олар өмір оң-терісін біледі.
Ұлтын ойлап қасірет шерін шеккендер
Барша жанға мейірім төгіп жүреді.
Қазақ көрген зұлымдықтар кешегі
Жүрек шебін кейде қатты теседі.
Үкілі бабам жатқан жерін таба алмай,
Қатқан беріш қос қабаттап өседі.
Мағжан, Сәкен, Ілиястардың азабын,
Үнсіз жылап, көрді-ау қайран қазағым.
Аштық жылы туған тірнек болған соң,
Бар зардапты көз жасыммен жазамын.
Тәуелсіздік жеңіп ел боп жарастым,
Жан сырына жасай алар талас кім?!
Айта берем, жалықпаймын айтуға
Қолдасын деп аруағы Алаштың.
Егемен ел енді армансыз құшсақ нұр,
О, Жаратқан!
Бақыт жолын ұштастыр.
Жер бетінде қазақ болып қалуды
Арыстардың рухы берік ұстап тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу