Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
332

Ұлытау барсаң ұлар бар...
Ұлытау барсаң ұлар бар,
Ұларға біздей құмар бар.
Ұмыту қиын болған соң,
Ұйқысыз досы жыр арнар.
Кең дала теңіз телегей,
Тау кербез өрде кемедей.
Ұларым, мені сағынсаң,
Кемеге соқпас демегей.
Досың да тірі адам ғой,
Келеді сені тез көргім.
Аққуды аңсап барам ғой
Жағасына Қоскөлдің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇