file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  149


Автор: Кәкімбек Салықов

ӨЗЕКТІ ҰЛТТЫҚ ЖАҢАЛЫҚ

«Айқаппен» туса қауышу,
Қалың ел, қарсы алалық.
Ол – өткенмен табысу,
Тұнып тұрған даналық.
Кезекті емес, бұл – бізге
Өзекті ұлттық жаңалық.
Киелі түссек құтты ізге,
Жан сала қарсы алалық.
Тоқсан жеті жылдан соң
Тиді «Айқап» бүгін қолыма.
Ағалардың өңкей шоң
Көз салдым өжет жолына.
Ахмет пен Міржақып,
Сұлтанмахмұт қолдапты.
Алғанда бәрі бір бағыт,
Шәкәрім көмек жолдапты.
Ол жылдар шымқай қағынған,
Әлпеті айқын ашылар.
Ағаларды қатты сағынған,
Іштегі дертім басылар.
Тәуелсіздік өрінде
Жарқ еткен бүгін «Айқабым».
Әр үйдің тұрса төрінде,
Мың-мың алғыс айтамын.
«Айқаптың» көп қой сыры асыл,
Біле де білсек ақтарып.
Ұлтымның асыл мұрасын
Мүлтіксіз мәңгі сақталық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу