file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  136


Автор: Кәкімбек Салықов

ФАЗЫЛ АҒА КІМ ДЕСЕҢ...

Абайша айтсақ шатақ көп,
Жылпостар төрді бақпай ма?
Алдамаса атақ жоқ,
Сатпаса арың бақ қайда?!
Фазылда ол жоқ, ағайын,
Рухын биік сақтады.
Әмбеге төгіп арайын,
Кісілік болды баққаны.
Шарбақкөл асыл ұланы,
Қызылжарға атын байлаған.
Қарағандының болды қыраны,
Бойында намыс қайнаған.
Алаштың ұлы болғасын,
Ұлтжанды жолмен басқарды.
Атақты көмір ордасын
Қазақтандыру басталды.
Мағжанды жақта білетін,
Сәтбаев дос боп қолдады.
Әуезов мақтап жүретін,
Қалтайды даудан қорғады.
Жібермес әсте қателік,
Әр сөзін ойлы құндады.
Шаяхметов пен Тәшенов
Ақылын талай тыңдады.
Сұм заман сырын түсініп,
Даналар жолын жалғады.
Фазыл деген – кісілік,
Арналған елге арманы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу