file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  243


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚОС БАТЫРДЫҢ КЕСЕНЕСІН АШҚАНДА

Ассалаумағалейкум, көрікті өлкем!
Нұр төкті дербес елге күнің көркем.
Қарасай, Ағынтайдың кесенесі
Сарыарқа бір шетінде құрды желкен.
Кесене – зор ғимарат орнап қалған,
Ескерткіш барша қазақ қолдан салған.
Қос батыр, қос жолбарыс ұйықтап жатыр
Ертеде ел намысын қорғап қалған.
Тағдырдың тура таңдап берген жері,
Бұйырған белдеу осы сөнген демі.
Беу, қазақ!
Шекараңды сақта деп тұр,
Мол еді-ау екі дайда көргендері.
Екеуін қос қыранға балағанда,
Ой салар құбылыс көп әр адамға.
Қос батыр көз алдыңа елестейді
Айыртау қос шыңына қарағанда.
Қос өркеш әлмисақтан сүйікті еді,
Жан баурар екі көзі үйірткені.
Қарасай, Ағынтайдың арқасында
Айыртау кешегіден биіктеді.
Қарқындап, екпіндетсем дабылымды,
Паш етем әлі талай бар ірімді.
Қарасай, Ағынтаймен дәлелдеп тұр
Ұлтжанды менің терең тамырымды.
Қол соқты мәңгі жасыл қарағайым,
Шалқысақ дән толқыған дала дайын.
Алладан не тілесең, соны берсін,
Ас пен той құтты болсын, бар ағайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу