file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  161


Автор: Кәкімбек Салықов

АҚ БАТАСЫН БЕРГЕНДЕЙ СЕГІЗ СЕРІ

Құлагерше құлшындық жасымызда,
Дарындылар мол еді заты қызба.
Сәбит, Ғабит, Евнейлер қандай еді,
Кеше жүрген көш түзеп қасымызда.
Бұл үшеуін біледі әлем тегі,
Сафуан, Мұрат, Аманжол мәнерледі.
Мұса, Ермек, Төлеген, Нағималар,
Түрлендірді Марат пен Сәкен сері.
Ата мирас жалғасқан ел арасы,
Бәрі ортақ: өзен, көл, кең даласы.
Неміс болып туса да кемістік жоқ,
Бельгерім де қазақтың өз баласы.
Ақан сері, Ыбырай қадам басқан,
Атамекен осында бабам жатқан.
Даналардың ығында жаралдым мен,
Ғажап жерге шын ғашық махаббаттан.
Дархан аймақ, қызығам өміріңе,
Бәйкен, Еркін нұр жайды көңіліме.
Ақ батасын бергендей Сегіз сері
Талай тарлан ту тікті өңіріме.
Сұлу өлке – Солтүстік Қазақстан,
Көлдеріңді қайтқан құс санап ұшқан.
Ақ қайыңдар аймақты алқалаған,
Аппақ етіп сән берді жаралыстан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу