file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  150


Автор: Кәкімбек Салықов

«ГӘККУ» ЖӘНЕ «ГАУҺАРТАС»

Құлпыртса нәркес гүлді гүл,
Тірі жан қалай тамсанбас?
Қос бұлбұл – Күләш, Бибігүл,
«Гәкку» мен асыл «Гауһартас».
Бір ғасырдың басы мен
Әнге ораған аяғын.
Түрленттік екі асылмен
Асқақ ән өмірбаянын.
Тәтті әуен ашсақ түндігін,
Жарқылын байқа ғажаптың.
Күләш пен біздің Бибігүл –
Қос жұлдызы қазақтың.
Ән жебесе әр ұлтты,
Мән беріп дербес мәнерге;
Қазақтың үнін танытты
Қос сандуғаш әлемге.
Ән-күйсіз өтпес бір күнім,
Шарықтар нұрлы, сырлысы.
Бүгінгі Мақпал дүлдүлім –
Қос жұлдыздың сіңлісі.
Еліме атқан арай таң,
Шалқыса жебеп бірлігім.
Туады әлі талай сан
Жас Күләш, сәби Бибігүл.
Тосылар сайрап әлі де,
Жалғасар әсем ән кеші.
Төгіліп тұрар бәріне
Қос жұлдыз жарқын сәулесі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу