file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  183


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚАЗАҚТАР КІМДІ СЫЙЛАҒАН?

Қазақ – қызық халық...
Мінезін болсақ милаған,
«Сыйға – сый, сыраға – балын» тыймаған.
Келіспей кетсе келінімен өз ұлы,
«Мың жылдық» деп құдасын қатты сыйлаған.
Бір атым насыбайдан көңілі қалып қираған,
Өкпеге қиса, өлімге әсте қимаған.
Сескенбес оқтан сеніскен тату дос үшін,
Махамбеттер Исатайлықты сыйлаған.
Үлкеннің жолын кес-кестеп кіші қимаған,
Шабыста атты, намыста ерді қинаған.
Сақалын сатпай, көп көргенге жүгінсе,
Тәлімі бардан мәлімі мол деп түй балам.
Мейманды күтпеу ар-ұжданға сыймаған,
Ең асыл дәмін қонағым бар деп жинаған.
Қимас досы тұтқиыл келіп қалғанда,
Жалғыз атын сойып тастап сыйлаған.
Сепшіл келер шаруаңа да қираған,
Алумен емес, берумен жаны шираған.
Мал-жаның аман ба десе,
Болмыстың бабын сыйлаған.
Малдан бастап есендессе иланам,
Малсыз өмірі жасай берді қиралаң.
Кен қопарып, егін салсақ біз бүгін,
Сәлемге де сән кірді деп ұйғарам.
Жаңа өмір келіп,
Толағай төксе нұр маған,
Түлігім тоқ, ақ дәнге толды тың далам.
Салтыңды сенің дәріс етсем балама,
Жақсыңды жалғап өтер-ау деп біл балам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу