file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  136


Автор: Кәкімбек Салықов

БІЗ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚПЫЗ

Көкшетау мен Алатаудың арасын,
Қара Ертіс пен Ақ Жайықтың жағасын
Жалғап жатқан, қараңдаршы, тәуелсіз
Қазағымның ұлан-байтақ даласын.
Қайырмасы:
Түркі тектес тіліміз,
Қаз дауысты үніміз.
Тайталаспен тағдырмен,
Еркін елдің біріміз.
Алаш ұлы азатпыз,
Біз – тәуелсіз қазақпыз!
Бабаларым сойылымен қорғаған,
Қанаттанды боз інгенді боз далам.
Жаңа өмірде жаңа қарқын басталды,
Белестер жоқ бүгін қолды созбаған!
Қайырмасы.
Кербез дала, байтақ атамекенім,
Көз тартады сенің шексіз екенің.
Қуаты мол Мәңгілік Ел орнатсақ,
Сонда аңсаған арманыма жетемін.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу