Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  132


Автор: Кәкімбек Салықов

ӘН-ЖҰМАҚ

Асқақ ән патшасын тыңдаттың,
Бір емес, бал-шәрбәт мың таттым.
Бал бұлақ кәусардан шөл қанды,
Ән-жұмақ орнаттың, сымбаттым,
Туар ма бұдан зор қымбат күн?!
Алдына Ай қонып өткендей,
Есінен танғандар көп мендей.
Ән-шуақ баурады, балқытты,
Жер-жаһан жаңарып кеткендей,
Жүректі жүрегің өпкендей.
Қай сұлу ән салар өзіңдей,
Шаттандым қайталап көп ілмей.
Асыл ән әкетіп барады,
Қыз бала тұтатқан сезімдей,
Бозбала босбелбеу кезімдей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу