file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  180


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚАРАҒАНДЫ ОРНАТТЫ ЖАҢА ЕСКЕРТКІШ

Баяғыда Сәтбаев дараланды,
Одақтағы ең үлкен бағаны алды.
Кенді қайдан іздеудің көзін ашса,
Пайдаң тиді, ардақты Қарағанды.
Бақыт қонды зор білім, бай талапқа,
Бірге аттанды есімің шартарапқа.
Барлау жөнін әлемдік жолға салды
Металлогендік әдіспен карталап та.
Сол құрметті ақтарлық Қарағанды,
Сұлу мүсін көшеңде жаңаланды.
Өзіңе де жаңаша ажар бітіп,
Көзі түскен қуанттың әр адамды.
Сәт орнады ойдағы арман тынар,
Шашу шашты нұрлы күн алдан шығар.
Қаныш аға атында заулап жүрген
Ғарыштағы жұлдыз да жанған шығар.
Бұл ескерткіш данаға татырлық та,
Бұлқынып тұр ғалымдық, батырлық та.
Торға түскен торғайдай
Ескі ескерткіш,
Құдай оңдап, аттанды бақилыққа.
Кім сөкпеді сол үшін кеше бізді,
Ұялушы ек көруге көшемізді.
Жүдеу күннің белгісі артта қалды,
Тәуелсіздік қайтарды есемізді.
Құтты болсын жаңарған асыл белгі,
Ел өзгерді, үр жаңа ғасыр келді.
Сарыарқаның қақ төрі Қарағанды,
Көмірің тасып, көбейсін тасың енді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу