Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
244

ТИМЕШІ
Тиме бұлбұлға, еркімен сайрасын,
Тиме жұлдызға, ерекше жайнасын.
Тимеші екі ішек үндессе,
Сағыныш толқыны байлансын.
Тиме аққуға, үзбесін саңқылын,
Тиме қыранға, бұзбасын қарқынын.
Тимеші маған да тебіренсем,
Алсыншы аңсаған жан тыным.
Тиме елікке, жүрегі бекінсін,
Тиме киікке, түлегі жетілсін.
Тимеші маған да ән салсам,
Жүрегім бір мұңын кетірсін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇