file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  158


Автор: Кәкімбек Салықов

КІМ БІЗДЕ КӘМІЛ МҰСЫЛМАН?

Абайша «кәміл мұсылман» –
Қатарда еңбек адамы.
Қарапайым ысылған,
Қара тер әрбір қадамы.
Мен де бір «кәміл мұсылман»,
Жезқазғанда кен қазған.
Ар жолында қысылман,
Сөз кені – өлең мен жазған.
Соғыс жылдар мал бағып,
Жұмыстың буын ұшырған.
Соқа айдаған зар қағып,
Құрдастарым мұсылман.
Майданда да, елде де
Жанкешті күшін ұсынған.
Малшынған қайғы-шерге де
Ата-анам менің мұсылман.
Көшпелі қауым көрді азап,
Отарлық шегіп қысылған.
Бодандық көштен ысырған,
Бүгінгі дербес бар қазақ –
Кіршіксіз «кәміл мұсылман».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу