file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  123


Автор: Кәкімбек Салықов

ЖАЗҒЫ РОМАНС

Сән болар асау ғасырға,
Жолықтым ғажап асылға.
Есіме түсті қара көз,
Кездескен бала жасымда.
Жайласа сұлу жүзі өрт,
Ұқсастық таныс ізі көп.
Көз шалғанда селк еттім,
Біздің ауыл қызы деп.
Толқып та кеттім, тән күйді,
Ажарын ғажап жан сүйді.
Көргендей бала ғашықты,
Көркейтті жылдам хал-күйді.
Әңгіме құрдық не түрлі,
Таныстық буы жетілді.
Шыдай алмай бір сүйсем,
Ұмыттым ескі дертімді.
Қызық жоқ оны өпкендей,
Қызуы бойды өтті өрлей.
Ерен-ғайып қуандым,
Жұмаққа кіріп өткендей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу