file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  624


Автор: Кәкімбек Салықов

ҚҰДАЛЫҚТАРЫҢ ЖАРАССЫН!

Құдағи деген не десең,
Беу, достар!
Жылы кеңесем.
Құдағидың жаманы
Күнде ұрыс пен керіс қой.
Құдағидың жақсысы
Құдай берген өріс қой,
Күнде алыс пен беріс қой.
Қос құдағи жарасса,
Мәуелі бақша, жеміс қой.
Бастайды олар бірлікке,
Көңілдің болса хоштығы.
Жасасын деймін тірлікте
Құдағилар достығы.
Құда деген не десе,
Мен білмеймін демес ем.
Жүйрік аттың шабысы
Басталғандай желістен.
Оңалар құда әр ісі
Құтты жолда келіскен.
Құда – елдің намысы,
Оралар тойдан жеңіспен.
Құданың бұзық, олағы
Сөз қозғайды керістен.
Құдалар дос боп кетеді
Біріне бірі сеніскен.
Құдаша ғажап нұр жүзі,
Мұхиттың таза құндызы.
Тәңірім таңдап әперген
Аспанның таңғы жұлдызы.
Ол – махаббат бұлағы,
Ләззат, рахат жұмағы.
Құдалықтың жетегі
Мың жылдық боп кетеді.
Құдаша бір күн қызығы
Мәңгілікке жетеді.
Ұл-қыздары Алаштың,
Құдалықтарың жарассын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу