file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  139


Автор: Кәкімбек Салықов

РОМАНС

Мен сені тым қатты сағындым,
Назды өлең жүректе көктейді.
Сау жүріп есімнен жаңылдым,
Түн неге тезірек өтпейді?
Аңсадым жүзіңді көргім кеп,
Шақырған жетті ме дыбысым?
Көзімді ілдірмес белгің көп,
Оятып жіберді тынысың.
Келер деп таңертең ертемен
Естідім амалым біткенде.
Махаббат отына өртенем,
Тез жетіп келмесең күткенде.
Өзгерді Алматы тағдыры,
Жер-көкке ақ көрпе жапқандай.
Қарлатты наурыз жаңбыры,
Терезе сен келіп қаққандай.
Ақындар шыдауды білмейді,
Кеудесі қаулаған сезім ғой.
Сағат та тоқтады, жүрмейді,
Мен сені сағындым дедім ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу