file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  156


Автор: Кәкімбек Салықов

САРЫАРҚАНЫҢ САҢЛАҒЫ

(Игілік Омаровқа)
Игілік десе, өмірің
Елге игі болыпты.
Өсірер адам көңілін
Ізгілік саған қоныпты.
Әсем әуез шалқытып,
Сәкенше мөлдір толғаттың.
Ақанша баппен балқытып,
Ән ордасын орнаттың.
Ауылдан ұзап бармай-ақ,
Саяқ жүріп, дара оздың.
Жұлдыздардан қалмай-ақ,
Аспанда Айға қол создың.
Көркейткенде сананы,
Асылын алдың салмақтап.
Жүсіпбектей дананы
Ұстаз деп өттің ардақтап.
Қояр ма еркін сайратпай
Қолдаса ақыл сезімді.
Ұлы әнші Қайраттай
Ұстазым дейді өзіңді.
Ұмсынтып әнің гүл-дәрі,
Сұлулар қалды-ау аңсаған.
Жармасса да мың ару,
Көпсінбеп едім мен саған.
Кең жайласаң төскейді,
Туған ел қанат жалғады.
Ұлт құмар рухың өшпеді,
Сарыарқаның саңлағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу