Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
103
АУЫЛ РОМАНСЫ
Хан болып күшейгендей таққа мініп,
Мал баққан түндер қайда атқа мініп?!
Жануар қыз үйіне апаратын,
Тізгінсіз, төрт тұяғы жатқа біліп.
Жүректе жоқ болса да басқа бүлік,
Кетуші ем жас жүрекке басқарылып.
Күндіз де мас адамдай барушы едім,
Бас емес, екі аяғым жатқа біліп.
Дидары тұрмаушы еді жемістенбей,
Еретін ақ тілекке терістенбей.
Анасы тапқан екен қыз мүсінін
Бір менің жүрегіммен келіскендей.
Ақыл-ой жарасымды сымбаттағы,
Қимылын қарақат көздің кім бақпады?
Бар кінә өзімде ғой, қанша сүйсем,
Бір ауыз сөз айтуға тіл батпады.
Ол кетті... өзге адаммен көш құрады,
Кездестік... баяғыдай көз тұнады.
«Алғашқы сөзді қалай бастады?..» – деп
Ол менің бәйбішемнен көп сұрады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter