Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.06.2022
154

АБАЙ АЙТҚАН...
Ұмыт болып қалғандай түсің көрген,
Тас та тозар даналар мүсінделген.
Абай айтқан: өлмейді сөз сарасы,
Махаббатқа жүректің құсын берген.
Ашық сырын сезімтал ардақтаймыз,
Абай айтқан жан зекет ән жаттаймыз.
Көзімізге бір сұлу түсе қалса,
Санасымен көңілдің салмақтаймыз.
Сенен басқа аруды білемін бе?..
Жанарыңнан көрінді тілегім де.
Таптым рахат бір сенің арайыңнан.
Дидарыңды басылсын аңсағаным,
Ала келші Бурабай таң самалын.
Абай айтқан ынтық зар ән саламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇