file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  125


Автор: Кәкімбек Салықов

ЗАМАН-АЙ!

Біржан салдан жаттаған жаным іңкәр,
Сүйіп шырқар әнім бар – «Жамбас сипар».
Сұлу көрсем, құс ілер ақ тұйғындай,
Бір сипамай қоймайтын мен де қиқар.
Қайырмасы:
Қарақат көзі танадай,
Қыз қалған жоқ қарамай.
Өтті-ау, кетті-ау сол дәурен,
Махаббат, шаттық мол дәурен.
Ой-хой, шіркін, заман-ай!
Ақан сері жолында жетілгеннен,
Қызсыз жерді салтым бар жетім көрген.
Маған ғашық сұлуды тез танимын
Балқадиша перизат секілденген.
Қайырмасы.
Балуан Шолақ дегенде жастық шақты
Еске аламын қылыштай алтын сапты.
Қыз-келіншек дегенде дамыл таппас
Асаулығым бұл күнде салқын тартты.
Қайырмасы.
Шал ақындай дәлдетсем анық басып,
Ерте жетті ер жігіт қанық нәсіп.
Қызылжардың сұлуы іздеп келді,
Әкеткем жоқ Мәскеуге алып қашып.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу